Ақши ауылында бұршақ жауып, үй мен бау-бақша бүлінді

24.kz-тің хабарлауынша, нөсер салдарынан аталған елді мекендегі біраз үйдің шатыры тесіліп, терезесі сынған.

Баспанамыз бүлініп жатқанда бау-бақшаның жайы қандай екені айтпасақ та, түсінікті шығар. Енді тосын келген шығынды кім өтейді? Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жедел түрде комиссия құрылып, бұршақтан келген залалды анықтауға кіріседі деген үміттеміз», — дейді жергілікті тұрғындар.