Қазақстандықтардың орташа жалақысы — 233 мың теңге

Асқар Мамин мемлекеттік қызметшілердің, педагогтердің, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысын арттыру жоспарда екенін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Биыл бюджет салаcы қызметкерлерінің жалақысын арттыру жалғасады. 600 мың педагог үшін еңбекақы 25%-ке, 247 мың медицина қызметкеріне біліктілік деңгейіне байланысты 20-дан 30%-ке дейін арттыру қамтамасыз етіліп жатыр. Әлеуметтік қызметкерлердің лауазым жалақысы 50%-ке ұлғайды, — деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, педагогтердің орташа айлық жалақысы 234 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 320 мың теңгеге дейін, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 180 мың теңгеге дейін, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 267 мың теңгеге дейін өсті.

82 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі. 1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысы 1,9 есеге көбейеді. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне 2024 жылға дейін жыл сайын 30% қосылып отырады, — деді премьер-министр.

Премьер-министр ел бойынша 6 айдағы орташа  жалақы 233 мың теңге екенін айтты.