Басты бетЖаңалықтарЖалған ПТР-тест...

Жалған ПТР-тест және екпе құжаты бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылы ішкі істер органдарының өндірісінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 385-бабы, «ПТР-тестті қолдан жасау, дйындау және сату» бойынша 23 қылмыстық іс тіркелген.

12 іс бойынша тергеу аяқталды. 2 қылмыстық іс сотқа жолданды. 10 қылмыстық істі ақтау негізі бойынша орта жолдан тоқтату туралы шешім қабылданды. Тергеу мерзімдері 3 іс бойынша тоқтатылды. Өндірісте әлі 8 қылмыстық іс бар, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жалған вакциналау құжатын әзірлеу бойынша өндрісте әлі 4 қылмыстық іс бар. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр деп мәлімдеді министрліктегілер.