Қазақстандағы эпидемиология жағдайы қалай өзгерді?

Оның ішінде:

11 989 пациент стационарда, ал 25 775 науқас амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус жұқтырғандар арасында 770 адамның жағдайы ауыр. 161 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал 88 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

10 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 4 241 859 адам салдырды. Ал II компонентін 2 389 756 адам еккізді.

Қазір «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ал «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.