Елімізде субсидияланатын авиабағыттар саны артты

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, “Южное небо” әуе компаниясы тұрақты түрде қатынайтын Нұр-Сұлтан – Балқаш және Алматы – Балқаш әуе бағыттарына “Qazaq Air” екінші тасымалдаушысы іске қосылды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 6 рейстен 10 рейске дейін ұлғаяды. Тариф құны — 9 000 теңге. Алматы-Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 7 рейстен 13 рейске дейін ұлғаяды. Тариф құны — 10 000-14 000 теңге.

Айта кетейік, “Qazaq Air” әуе компаниясы “Bombardier Q400” әуе кемелерімен бірлесе жұмыс жасайды.   

Сондай – ақ, Ақтау — Көкшетау әуе бағыты бойынша рейстер саны 3 рейстен 5 рейске дейін ұлғаяды. Рейстер “SCAT” әуе компаниясының “CRJ2” әуе кемелерімен бірлесе жұмыс жасайды. Тариф құны 15 000-нан 30 000 теңгеге дейін.

Түркістан қаласының әуежайынан ұшу географиясын кеңейту бойынша  Ақтөбе (тарифі 20 000 теңге) және Талдықорған (16000 теңге) қалаларына тұрақты рейстерді әр бағытта 2 рейс жиілігімен ашу жоспарланған.  

Айта кетейік, “SCAT” әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Талдықорған бағытында субсидияланатын рейсттер ашылады.  Рейстер “Б-737” әуе кемелерінде орындалатын болады.