Алматының төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жоғалған адам 8 шілдеде сағат 10.56-да табылған.
Қыздың денсаулығы ауыр деп бағаланды. Зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жатқызу қажет болған, — делінген хабарламада.
Департамент Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағын қыз табылған жерге жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.
Айта кетейік, Әлия Камиева 5 шілдеде таңертең Үлкен Алматы көлі ауданына шыққан және өзімен телефоны болмаған.