Алматыда жаңа мурал пайда болды. Мұнда қолында қолшатыры бар қыз бейнеленген.
Стрит-арт авторларының сөзінше, бала бейнесі жас ұрпақты білдіреді. Қолшатырда Антикордың логотипі бейнеленгені кездейсоқ емес, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл болашақ үшін күрес.
Мурал — бұл қала кеңістігіндегі суретші мен көрермен диалогының тамаша құралы. Осы жобамен жұмыс істеуде біз көрерменге жақын болатын позитив жарқын бейнені жасауға тырыстық. Біздің команда астана мен Алматыда осындай екі жоба бойынша жұмыс істеді, біз бірқатар жұмыстар жасауды жоспарладық және балалар тақырыбының жоба серіктестерімен үндескеніне қуаныштымыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты маңызды тақырыпты қозғай отырып, біз «көркем» тілде сөйлеуге және Сайран автовокзалы жанында жарқын орынға айналатын позитив образ жасауға тырыстық, — дейді тұжырымдама авторы Кристина Бекмырзаева.
Шағынаудан тұрғындарының да бұл жұмыс көңілінен шыққан.
Маған бұл жұмыс ұнады, біз өзіміз бұған дейін қасбетке сурет салу туралы бастама көтердік. Немерелерім осында суретке түседі, менің ойымша, туристерге де бұл бастама ұнайды. Түстер өте жарқын, көңіл-күйді көтереді, — деп шағынаудан тұрғындарының бірі.