6 шілде — Елорда күні

Ең суық және ең ыстық ай қайсы?

Елдің солтүстік бөлігіндегі ең суық ай — қаңтар. Қаладағы кейінгі 100 жылдағы температура минус 14,2 градус, түнде температура 20 градустан төмен түсіп, күндіз минус 10 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Елордада абсолют минимум 1893 жылдың қаңтарында тіркелген, бұл — минус 51,6 градус.

Ең ыстық ай — шілде. Орташа температура — 20,8 градус, түнгі температура орта есеппен 15 градус. Күндіз ауа 26 градусқа дейін көтеріледі. 1936 жылдың 22 шілдесінде Нұр-Сұлтанда ауа температурасының абсолют максимумы плюс 41,6 градус болды.

2001 жылдан 2020 жылға дейін ең жоғары температура — плюс 40,1 градусқа жетті. Бұл 2005 жылдың 7 шілдесінде тіркелді. Ең төменгі температура — минус 40,6 градус — 2012 жылдың 15 желтоқсанында тіркелді, бұл 1893 жылдың абсолют минимумынан 11 градусқа жоғары.

Желдің күші төмендейді

Жылдың барлық маусымында желдің орташа жылдық жылдамдығы кейінгі 20 жылда секундына 3,6 метрден 2,8 метрге дейін төмендеді. Желдің басым бағыты оңтүстік-батыстан оңтүстік бағытқа өзгерді.

Жылдың барлық айында желсіз күндер көбейіп келеді. 2000 жылдарға дейін тымық күндер саны 35-тен 51-ге дейін өзгеріп тұрса. Содан кейін бір жыл ішінде 55-тен 81-ге дейін өсті. 2020 жылы ондай күндер саны тамызда байқалды.

Боран мен шаңды дауылдар азайды

1980 жылдан бастап 2000-ға дейін жылына 27 боранды күн болатын, ал 2001-ден 2020 жылға дейін ол жылына 14 күнге дейін төмендеді.

Жылдың барлық маусымында боран мен шаңды дауыл сияқты ауа райының қолайсыз кезі азайды. 2001-2020 жылдар аралығында боранды күндер саны 27-ден 14 күнге дейін екі есе азайды. Шаңды дауылдар 11-ден 9 күнге қысқарды.

Астананың қатал қысы әлсіреді

Деректерді талдау нәтижесінде, кейінгі 20 жылда қаланың қысы қатал сипаттан, орташа қаталға өзгерді.

2001-2020 жылдар аралығындағы кезеңде:

  • желдің орташа жылдық жылдамдығы кейінгі 20 жылда секундына 3,6 метрден 2,8метрге дейін төмендеді;
  • тымық күндер екі есе өсті;
  • боранды күндер саны екі есе азайды — 27-ден 14 күнге дейін;
  • шаңды дауыл соғатын күндер саны 11-ден 9-ға дейін азайды;
  • қаланың қысы қатал сипаттан орташа қаталға өзгерді.

Бүгін 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда ауа температурасы күндіз 24 градусқа дейін көтеріледі. Жаңбыр жауып, секундына 4-7 метр жылдамдықпен солтүстік жел соғады.