Халық ақыны Әселхан Қалыбекова қайтыс болды

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген еді. Түркістан облысының “Құрметті азаматы”, “Құрмет”, “Парасат” ордені иегері.

Жазушылар одағының Жамбыл атындағы сыйлықтың тұңғыш иегері (1989). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы бұйрығымен Қазақ КСР-нің Халық ақыны құрметті атағы берілген (1990 жылдың 6 сәуірі).

Әселхан Қалыбекованың “Отырар аспаны”  (1994), “Басыңды тікпей бақ қайда?! ” (1990-2000), “Алладан пәрмен сұраған” (2000), “Сырттан кеткен тамырлар” (2004), “Жыр-Шапағат” (2008), “ Әселхан әлемі” (2008) деген кітаптары жарық көрген.

Baribar.kz ұжымы ақынның жақындарына  қайғырып көңіл айтады.