Оныншы “Қазақстан барысы” анықталды

Qazaqstan Barysy-2021 турнирінің жеңімпазы белгілі болды. Ол - Шығыс Қазақстан облысы тумасы Дәурен Нұралинов (ШҚО).

Бұл туралы Qazaqstan Barysy қазақ күресін қолдау және дамыту қоры хабарлады.

Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Е.Қажыбаев 155 келі болса, ең жеңіл салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров 90 келі болды.

Ақтық белдесуде Шығыс Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының балуаны кездесіп Дәурен Нұралинов (ШҚО) – “Қазақстан Барысы” атанды. Ал күміс белбеуді Ғалымжан Қырықбай иеленсе, қола белбеуді маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов жеңіп алды.

Оныншы барысқа 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы “тайтұяқ” табысталды. Екінші орын иегері Жамбыл облысының балуанына 5 500 000 теңге және күміс белбеу берілді. Үшінші орын алған Маңғыстау облысының балуаны Жарылғапов Нұрдәулет 1 800 000 теңге беріліп, ол қола белбеумен марапатталды.

Балуандарды марапаттау рәсіміне Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті Әнуар Садықұлов, Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының бірінші вице-президенті Мәлік Мурзалин, Qazaq kuresi ассоциациясы бас хатшысы, Qazaqstan Barysy қазақ күресін қолдау және дамыту қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесі төрағасы Қуанышбек Есекеев, Нұр-Сұлтанның дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Ерғалиев және “Қазақстан Барысы” жобасының бас демеушісі Азамат Османов қатысты.