Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы елшісі болды.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Мәди Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Ол Қазақстан Республикасының Президенті протоколының бастығы лауазымынан босатылды.
Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.