Атырау қаласының Қызылқоға, Құрманғазы аудандары мен шағын аудандарында дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, төрт спорт кешенінің құрылысы жоспарланған.
Білім беру саласында 37 жаңа мектеп салу арқылы облыс мектептерінде үш ауысымды оқыту және орын тапшылығы мәселелерін шешеміз. Осының барлығы салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өңірде бұқаралық спортты дамытуға оң ықпал етеді, — деді Махамбет Досмұхамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» онлайн-брифинг берді.