Басты бет Жаңалықтар Алматыда Универсиада-2017 қарсаңында жеңілдіктер маусымы іске қосылады

Алматыда Универсиада-2017 қарсаңында жеңілдіктер маусымы іске қосылады

28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 іс-шарасын өткізу қарсаңында Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін науқандық ұсыныстар іске қосылады.

Almaty Sales Festival шеңберіндегі сатылым 2017 жылғы 20 қаңтардан 10 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтеді. Барлық 126 сауда ойын-сауық орталықтары мен «street retial» үлгісіндегі дүкендерде азық-түлік емес тауарлардың кең көлемдегі түрлеріне жеңілдіктер беріледі.

Науқандықұсыныстар Алматыда 2017 жылғы 29 қаңтардан 8 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтетін еліміздің зат белгілік Универсиада-2017 іс-шарасына орайластырылатын болады. Бұл кезеңде Қазақстан өңірлері мен шетелдерден туристердің келуі күтілуде. Іс-шараның өзіне әлемнің 58 елінен келетін 2 000-нан астам спортсмен қатысады.

2016 жылғы желтоқсанда қалада Жаңа жыл мерекелеріне орайластырылған сатылымдардың жүргізілгенін атап өтеміз. Атап айтқанда, 120-дан астам сауда ойын-сауық орталықтары мен 120 азық-түлік әмбебап дүкендері 19%-дан 80%-ға дейінгі жеңілдіктерді іске қосты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version