Басты бетЖаңалықтарАлматыда Универсиада-2017...

Алматыда Универсиада-2017 қарсаңында жеңілдіктер маусымы іске қосылады

Almaty Sales Festival шеңберіндегі сатылым 2017 жылғы 20 қаңтардан 10 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтеді. Барлық 126 сауда ойын-сауық орталықтары мен «street retial» үлгісіндегі дүкендерде азық-түлік емес тауарлардың кең көлемдегі түрлеріне жеңілдіктер беріледі.

Науқандықұсыныстар Алматыда 2017 жылғы 29 қаңтардан 8 ақпанды қоса алғандағы аралықта өтетін еліміздің зат белгілік Универсиада-2017 іс-шарасына орайластырылатын болады. Бұл кезеңде Қазақстан өңірлері мен шетелдерден туристердің келуі күтілуде. Іс-шараның өзіне әлемнің 58 елінен келетін 2 000-нан астам спортсмен қатысады.

2016 жылғы желтоқсанда қалада Жаңа жыл мерекелеріне орайластырылған сатылымдардың жүргізілгенін атап өтеміз. Атап айтқанда, 120-дан астам сауда ойын-сауық орталықтары мен 120 азық-түлік әмбебап дүкендері 19%-дан 80%-ға дейінгі жеңілдіктерді іске қосты.