«Спутник V» вакцинасын жүкті әйелдерге қолдану нұсқаулығы жарияланды

Ресейлік ғалымдар жүкті және бала емізетін әйелдерге коронавирус инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасын салу бойынша жаңартылған ұсыныстарын жариялады.

Мedum.ru сайтында жарияланған COVID-19-ға қарсы «Спутник V» вакцинасына арналған жаңартылған нұсқаулықта, жүктілік және бала емізу кезінде препаратты қолдануға қатысты ақпарат пайда болды.

Жүктілік кезінде препаратты клиникалық қолдану тәжірибесі әлі жоқ екені атап өтілді.

Вакцинаның жануарларға репродуктив әсерін зерттеу барысында оның жүктілікке, эмбриофетал дамуына және ұрпақтардың перинатал дамуына теріс әсері анықталған жоқ. Осыған байланысты Гам-КОВИД-Вак препаратын жүктілік кезінде анаға пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен көбірек жағдайларда ғана қолданған жөн, — делінген хабарламада.

Құжатта «Спутник V» вакцинасын салдырған ананың емізетін баласына жағымсыз салдардың қаупін жою мүмкін емес екені баса айтылған.

Гам-КОВИД-Вак препаратын бала емізетін әйелдерде қолдану бойынша клиникалық деректер жоқ. Емшек сүтін еметін нәрестелер үшін қауіптің барын жоққа шығару мүмкін емес. Осыған байланысты Гам-КОВИД-Вак препаратын емізу кезеңінде қолдануға болмайды, — делінген сайтта.

ДереккөзTengrinews.kz