Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

Құжатқа сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға (мемлекеттік, ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар және басқалары) 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтарға баруға рұқсат етіледі.

Ал жиындарды вакцина төлқұжаты бар және кейінгі 6 айда коронавирус жұқтырып, жазылған қатысушылармен күндізгі режимде өткізуге болады.

Сонымен бірге «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, сонымен бірге арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың жұмысына рұқсат етілген.

Қаулы 28 маусымнан бастап күшіне енеді.