Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Таразға жұмыс сапарымен барып, Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге мектеп директорларымен кездесті.
Министр мектеп директорларынан білім беру мекемелеріндегі бюрократияны жоюды талап етті.
Оның айтуынша, министрлік білім беру ұйымдары педагогтарының жүргізуі міндетті құжаттардың нақты тізбесін бекіткен.
Бұйрыққа сәйкес, күн сайын тек екі құжат толтырылуға тиіс. Сол екі құжат бойынша жұмыс істеу маңызды және мұғалімдердің жұмысын қолдан қиындатпау керек. Олардың басты міндеті — сабақ өткізіп, балаларға білім берумен айналысу. Мұғалімдерді сабақтан тыс жұмыстарға тартпаңыздар, — деді ол.