Басты бетҚоғамПрезидент инклюзив...

Президент инклюзив білім беру туралы заңға қол қойды

Бұған дейін ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын білім беру ұйымдары бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімделуі тиіс екені хабарланған. Мұндай жаңашылдық Парламент депутаттары қабылдаған инклюзивті білім беру мәселелері жөніндегі заңда жазылған.

Заң нормалары арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді және білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысын реттейді. Бұдан басқа, құжат білім беру ұйымдары басшыларының білім беру мекемелеріне мүгедектігі бар балаларды қабылдау қағидаларын бұзғаны немесе олар үшін жағдай жасамағаны үшін жауапкершілігін белгілейді.

Сонымен бірге заңда психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация бағдарламаларын іске асыру арқылы мүгедектігі бар балаларды білім беру ортасына қосу үшін әмбебап көзқарас көзделеді.

Барлығы төрт заңға: «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»; «Білім туралы»; «Бала құқықтары туралы»; «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

ДереккөзTengrinews.kz