Kapital.kz жазуынша, БЖЗҚ-ның басқарма төрағасы Руслан Ерденаев және оның бір орынбасары уақытша қамау изоляторына жіберілген.
Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісім-шартын тексеріп жатыр. 21 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекеті тексеріліп жатыр. Тексеру БЖЗҚ акционерлерінің өз активтерін инвестициялауға қатысты болып отыр. БЖЗҚ өз кезегінде қаржы жымқыруына қатысты қаржыны жоққа шығарды.