25 маусымдағы дерек бойынша елімізде 2 997 072 адам вакцина салдырды. Олардың 1 829 643-і вакцинаның екі компонентін де алды, – делінген хабарламада.
Вакцинация бойынша Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 407 974 адам салдырған. Ал Алматы облысында екпе алғандар саны – 310 929.
Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында. Өңірде 53 546 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.
Тағы оқыңыз: Алматы тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны қалай салдырып жатыр?