Басты бетҚоғамІшкі істер...

Ішкі істер министрлігі полицияның жаңа формасын көрсетті

Форманы әзірлеу кезінде полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы киім жасауға баса назар аударылды, əр түрлі климаттық жағдайда қызмет атқаратын қызметкерлердің тілектері ескерілді, сондай-ақ, әлемдік тәжірибе зерттелді.

Қызмет атқарудың ерекшелігі мен жағдайларын ескере отырып, жаңа үлгідегі форма дизайны мен құрылымына қарай патрульдік полиция қызметкерлеріне, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналған киім болып топтастырылған. Мемлекет басшысының учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі мен танымалдығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде олар үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді.

Полиция, форма
Фото: Polisia.kz

Полиция басқармалары аппараттарының әйел – қызметкерлеріне арналған киім жазғы кезеңде киюге арналған көйлекпен толықтырылған. Қызметтердің барлық санаттары үшін POLISIA жарық шағылыстырғыш жазуы бар жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілері жасалды. Қызметкерлердің аяқ киімі алғаш рет өзгертілді.

Кроссовкалар түрінде ұсынылған тактикалық аяқ киім аяққа ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды. Қалалар мен облыстардың эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді.

Полиция, форма
Фото: Polisia.kz
Полиция, форма
Фото: Polisia.kz

Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске ауыстырылды. Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды. Жарық шағылыстырғыш элементтерге ерекше назар аударылды.

Полиция, форма
Фото: Polisia.kz
Полиция, форма
Фото: Polisia.kz

Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Оған ауысу ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Фото: Polisia.kz
Полиция, форма
Фото: Polisia.kz