Сонымен қатар, сайлау учаскелеріне кіру үшін сайлау комиссияларының мүшелері мен БАҚ өкілдерінің вакцинация паспорты немесе ПТР-тестінің теріс нәтижесі болуға тиіс.
Сайлау комиссияларының мүшелері сайлау учаскесіне вакцинация паспорты болған кезде жіберіледі. Әріптестер, бұған назар аударуыңызды сұраймын-бұл өте маңызды. Вакцинациялау үшін медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, мерзімі үш күннен аспайтын ПТР теріс тесті болған кезде адамдарға рұқсат етіледі, – деп хабарлады Есмағамбетова.
Бұдан басқа, дене қызуының жоғарылауы немесе коронавирустық инфекцияны жоққа шығармайтын өзге де симптомдар болған кезде сайлау учаскесінде комиссия мүшелерінің немесе сайлау процесіне басқа да қатысушылардың болуына жол берілмейді. Барлық сайлаушылар да бетперде кию керек.