«Анам қайда? Анам жоқ.
Интернетпен көңілі тоқ.
Қалай екен жағдайы?
Телефоны қолынан кофе ішсе де қалмайды.
Мама, көңіліңді табайын.
Ұмытылмас бір сәтке телефоның болайын!»
Балалар өздеріне ұялы телефоннан да көп көңіл бөлінгендігін қалайды. Қазіргі уақытта кішкентай сәбилерге қатысты оқыс оқиғалардың көпшілігі ата-аналарының қарауынсыз қалуы себебінен орын алуда.