Басты бетМедицинаАстанада вакцина...

Астанада вакцина салғызғандар арасында пәтер ойнатылады

Алтай Көлгіновтың айтуына қарағанда, коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша штаб отырысы өткен. Ол орынбасарлары мен басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне вакцинацияның маңыздылығы мен қажеттілігін жоғары деңгейде түсіндіру үшін жекелеген жауапкершілік жүктегенін айтты.

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60%-тен астамы вакцина салдыруы қажет. Санитария дәрігерлер қосымша карантин шектеулері туралы жаңа қаулы дайындап жатыр: қауіп-қатер тобы үшін вакцинация міндетті, вакцина алмаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру және тағы басқа талап етіледі, — делінген жазбада.

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ұтысы өткізілетінін айтты. Жаңадан вакцина алғандар арасында инвесторлар есебінен екі бөлмелі пәтер ойнату жоспарланған. Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе сауда орталықтарындағы пунктте екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

Пәтер ұтысына биыл 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцина алғандарды толық қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастық жұмылады, — деді Нұр-Сұлтан әкімі.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан әкімі соңғы күндері тұрғындардың вакцина алуға деген белсенділігі артқанын айтты.

Қала тұрғындары осылайша өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастады әрі «дельта» штамының қаупін түсінді. Вакцинация – пандемиямен күрестегі жалғыз, тиімді әдіс!, — деді ол.