Мұхтар Шаханов: Адам неғұрлым рухани жағынан саяз болса, соғұрлым әділеттілік пен шындықты жоғалтады

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің жаңа форматын Antikor Live жобасы шеңберінде Қазақстанның танымал тұлғаларымен кездесуді жалғастырып жатыр.

Жоба аясында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановпен Antikor орталығында тікелей эфир өтті.

Тікелей эфир барысында ақын сыбайлас жемқорлықпен күрестегі маңызды құндылықтарды атап өтіп, жас буынға ақыл-кеңесін айтты.

Кім шындығын жоғалтып алса, ақ-қараны ажыратудан қалса, сөзі мен ісі басқа болса, қоғамды алдаса, ондай ақын, ғалым, мемлекеттік қызметшінің даңқы түк ке де тұрмайды. Бұл індетпен күресте әділдік, парасаттылық, сенім қағидаттарын берік ұстану қажет, — деді ақын.

Эфир соңында Мұхтар Шаханов өскелең ұпаққа кеңестерін айтып, дұрыс бағыт-бағдар берді.

Ел ертеңі — болашақ жастарымыздың қолында. Жастардың жұлдыздары ылғи да шындық пен елдік, ұлттық мүдде биігінде жарқырасын!, — деді Мұхтар Шаханов.