Басты бетҚоғамМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Қарулы күштерде бірнеше кадрлық өзгеріс жасады

Мемлекет басшысының бұл туралы тиісті өкімдері Ақорданың сайтында жарияланды.

Қаныш Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2019 жылдың 4 мамырында тағайындалған еді.

Президент өкімімен Мереке Күшікбаев Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болды.

Мереке Күшікбаев Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, — делінген жарлықта.

Ал Шайх-Хасан Жазықбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.