Президент соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ерлігі халық жадында мәңгі сақталатынын айтты.
Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу–барша адамзаттың міндеті, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу–барша адамзаттың міндеті.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 22, 2021
Айта кетейік, 1941 жылдың 22 маусымында Фашистік Германия мен КСРО арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.