Ведомствоаралық комиссиясының 16 маусымдағы шешіміне және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 18 маусымдағы хатына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі артады:
- №68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1» аптасына 1 рет орнына Нұр-Сұлтан — Нұрлы жолдан 23 маусымнан бастап күн сайын жүреді.
- №351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1» күнара қатынаудың орнына Алматы-2-ден 23 маусымнан бастап жөнелтіліп, күн сайын қатынайды.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық өзекті ақпаратты «105» нөмірі бойынша, Bilet.railways.kz сайтынан және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік желідегі аккаунттарынан алуға болады.
Коронавирустық инфекцияның таралуы кезінде Bilet.railways.kz және «ҚТЖ билеттері» мобайл қолданбасын пайдаланып, жолаушылардан теміржол билеттерін сайтта онлайн рәсімдеуді сұраймыз. Вокзалдар аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтау қажет, — делінген хабарламада.

