Ведомство басшысы былтырғы пандемия кезінде халықтың шынайы қайырымдылық қасиеті мен елге деген жеке жауапкершілігі ерекше білінгенін айтты.
Осы бір жыл ішінде волонтерлық қызметінің қарқыны артып, бағдарламалар мен жобалардың ауқымы айтарлықтай кеңейе түсті. Атап айтқанда волонтерлық ұйымдардың саны үш есе, еріктілер қатары төрт есе көбейді. Пандемия кезінде 500 мыңға жуық азамат волонтерлық қызметке қатысып, 1 миллионнан астам мұқтаж жанға нақты көмек көрсетті. 80 мыңнан астам азық-түлік себеті, 4,5 миллион медицина жабдығы таратылды, — деді Аида Балаева.
Оның айтуынша, осы қалыптасқан ауқымды мүмкіндіктер мен адами ресурсты сақтай отырып, волонтерлықты дамытудың жол картасы аясында еріктілер қозғалысын қолдау биыл да жалғасын тапты.
Жол картасының кешенді іс-шаралар топтамасы аясында бірқатар бағыт айқындалды. Атап айтқанда заңнамалық деңгейде өзгерістер енгізу. Оның аясында оқуға тапсыру мен жұмысқа орналасу кезеңінде жеңілдіктер қарастыру, волонтерлердің құқығы мен міндетерін кеңейту, еріктілердің ең төменгі жас шегін белгілеу және корпоративтік волонтерлық нормалар сияқты жаңашылықтарды қарастырылған. Жария талқылаудан өткеннен кейін заң жобасы 1 шілдеге дейін Үкімет қарауына енгізіледі, — деді министр.
Аида Балаева сонымен бірге волонтерлер құрған республикалық және 17 өңірлік фронт-офис жұмысын жалғастырып жатқанын, биылғы бірінші жартыжылдықта 113 мыңнан астам волонтердың қатысуымыен 6 мыңға жуық іс-шара өткізілгенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жол картасы аясында жалпы сомасы 528,3 миллион теңгені құрайтын 40-тан астам жобаны іске асыру қарастырылған.
Ақпарат министрлігі тарпапынан 13 волонтерлық жобағы 438,6 миллион теңге бөлініп отыр. Оның аясында жанураларға жанушырлыққа көздейтін «Бірге аяла», аға ұрпақты волонтерлық қызметке шақыратын күміс волонтерлық жобалары, сонымен бірге басқа да өзге тақырыптар бойынша 130-дан астам шағын гранттар қарастырлыған. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынған игі істер марафоны шеңберінде жыл басынан бері 700-ден астам іс-шара жүзеге асырылып, 160 мыңнан астам мұқтаж азаматқа қолдау көрсетілді. Марафонға елімізге танымал 100-ден астам ірі ұйымдар қосылды, — деді ол.
Ведомство басшысының айтуына қарағанда, волонтерлық қызметті дамытуда ең алдымен мемлекеттік органдардың тұрақты қолдауы аса қажет.
Алайда, өкінішке қарай биыл өңірлерде қаржыландыру былтырмен салыстырғанда төрт есе төмендегіні байқалады. Былтыр бұл мақсатқа 338,6 миллион теңге бөлінсе, биыл тек 89 миллион теңге қарастырлған, — деді Аида Балаева Үкімет отырысында.
Аида Балаева былтыр волонтерлердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі туралы да айтты.
TALAP орталығының бағалауынша 2020 жылы волонтерлердің Қазақстан экономикасына қосқан экономикалық үлесі 3,9 миллиард теңгені құрады. Волонтерлық қызметтің ең көп үлесі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына – 68%, абаттандыру және тазалық саласына – 12% тиесілі, — деді министр.