Тransfermarkt.de деректеріне сүйеніп, екі клубтың жалпы нарықтық бағасы бір-бірімен шамалас деуге болады. Ал үшінші орындағы «Ордабасы» клубы ойыншыларының жалпы нарықтық бағасы жоғарыда аталған екі клубтың жарты бағасына да жетпейді. Бірақ қазір — қысқы трансфер кезі. Клубтарымыз өз құрамын толық жасақтап үлгерген жоқ, яғни әлі де толықтыра түседі. Ендеше, бұл көрсеткіштер өзгереді. Жалпы, дәл қазір transfermarkt.de сайтында Қазақстан премьер-лигасындағы 12 команда сапында 282 ойыншы тіркелген. Футболшылардың орташа жасы — 27,2. Сырттан келген легионерлер саны — 75. Ал премьер-лигамыздың жалпы нарықтық бағасы — 95 миллион 730 мың еуро.
Қазақстандағы ең қымбат футбол клубтары
Соңғы жылдары Қазақстан чемпионатында бір-бірімен таласып жүрген «Астана» мен «Қайрат» еліміздегі ең қымбат клубтар болып табылады, деп жазады ҚазАқпарат.