Асқар Мамин 2020 жылдың қаншалықты қиын болғанын айтты

Үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Парламентпен бірлескен тиімді жұмыс жүргізіп отыр. 2020 жыл — халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша соңғы 100 жылдағы ең дағдарыстық кезең болды. Коронавирус пандемиясы әлемдік экономиканың даму жағдайын және оның құрылымын түбегейлі өзгертті. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік-экономикалық үрдістер қалыптасты, — дейді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы ауқымды және уақтылы қолдау шараларының арқасында 2020 жылы Қазақстан экономикасының төмендеуін 2,6%-ке дейін, ал негізгі капиталға инвестициялардың азаюын 3,4%-ке шектеуге мүмкіндік барын айтты.

Былтырғы күрделі жағдайға қарамастан, жылдық инфляцияның 7,5%, жұмыссыздық 4,9% деңгейінде болуын қамтамасыз еттік. Бұл көрсеткіштер жалпы әлемдік көрсеткіштерге қарағанда айтарлықтай жақсы. Халықаралық резервтер 4% өсіп, 94,3 миллиард долларды құрады. Ал алтын-валюта резервтері 23,1% өсіп, 35,6 миллиард доллар болды. Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 58,7 миллиард долларды құрап отыр, — дейді пермьер-министр.

ДереккөзBaq.kz