Пандемия шылым шегудің өкпемізге қаншалық зиян екенін кезекті рет дәлелдеді. Қытайдағы 575 емханада жатқан COVID-19 жұқтырған 1590 адамның мәліметі шылымқорлардың коронавируспен темекі тартпайтындарға қарағанда жиі ауыратынын, жалпы ауыру процесінің қиын жүретінін көрсетеді.
Темекіні атеросклероз мен жүрек ишемия сырқаты сияқты түрлі инфекциялық емес аурулармен байланыстырады. Біздің елдегі өлімнің 86%-і – осы инфекциялық емес аурулардың кесірі. Ғылыми ортада темекінің зияны артық дәлел-дәйекті қажет етпейді.
Алайда темекі тек никотиннен тұрмайды. Ол жанған кезде шылымқор 7000-нан астам түрлі химиялық байланысты жұтады. Темекі кесірінен туындайтын аурулардың басты себебі – дәл осы түтін, шайыр сияқты жану барысында бөлінетін дүниелер.
Ғылыми қауымдастық никотиннің шылымнан, тіпті темекі өсімдігінің өзінен бөліп алып қарастырғанда адамның денсаулығына қалай әсер ететінін зерттеп келе жатыр. Мәселен, АҚШ ғалымдары никотинді тұрақты тұтынғанда тышқан өкпесі қандай өзгеріске ұшырайтынын қарастырыпты.
Зерттеу аясында дені сау тышқандарды A, B, C және D деген төрт топқа бөлген. Алғашқы екеуіне 28 күн бойы натрий хлориді ерітіндісімен араластырылған никотин инъекциясын салып отырған. Дозаны нақтылау барысында тышқанның плазмасындағы никотиннің процент құрамы орта есеппен алғандағы кәдімгі шылымқордың плазмасындағы никотин процентімен бірдей болуы ескерілген. Ал қалған C, D топтарына тек натрий хлоридін берген.
28 күн өткен соң ғалымдар барлық топтағы тышқанның өкпесін зерттейді. Сол кезде A мен B топтарындағы нейротрофин ақуызы 29% артық екені анықталды. Ал бұл зат қабынуға қарсы әсер тудыра алады.
Тәжірибе мұнымен де тоқтап қалған жоқ: А және С топтарындағы тышқандарға RSV, яғни респиратор-синцитиал вирусын жұқтырады. RSV бронхиолит, пневмония сияқты тыныс алу жолдарын ауруын тудыратын қасиетке ие.
5 күн өткен соң тышқандардағы нейротрофин деңгейі тағы өлшенеді. Нәтижесінде, осыған дейін никотин инъекциясын алған тышқандардың өкпесінде нейротрофит көлемі айтарлықтай өскені белгілі болды, яғни никотинді ұзақ уақыт бойы тұтыну кезінде ағза RSV вирусымен белсендірек күреседі екен.
Алайда мына бір дүниені ескеру қажет. Зерттеуге екі буаз тышқан қатысқан болатын. Олардың организмінде нейротрофин саны кей никотин инъекциясынан кейін, керісінше, түсіп кетті, яғни никотиннің өкпеге пайдасы туралы әлі де тереңірек зерттеу керек.
Өкпеге оң әсер ететінен қарамастан, никотин денсаулыққа төнетін қатер болып қала бермек. Ол атеросклероз, яғни артериялар ауруын тудырады. Бұл сырқат кезінде қан тамырлары керегесінде түйіншектер пайда болады. Осының кесірінен тамыр тарылады, тіпті бітеліп қалуы мүмкін. Бұл жүрек ишемия сырқатына алып келеді.
2018 жылы Бельгияда электрон темекідегі никотин зияны туралы зерттеу жүргізілді. 25 шылымқор үш топқа бөлінді. Біріне құрамында никотині бар вейп, екіншісіне никотинсіз вейп берілді. Ал соңғы топ сөндірулі вейп пайдаланады. Қатысушылар кімде қандай вейп бар екенін білген жоқ.
Вейпинг басталған соң бір сағаттан кейін барлық қатысушының биологиялық көрсеткіштері алынады. Соның нәтижесінде никотинді вейп алғандардың тамыр бүлкілі (пульсі) жиілегені және қысымының артқаны белгілі болды. Бұдан бөлек артериялар қатая бастаған, ал бұл – жүрек-қан тамырлары ауруының бір белгісі.
Адамның қолына темекі алуының бір себебі – әлдебір іспен мұқият айналысуға және көңіл-күйді көтеруге тырысу. Никотин дәл осындай әсер береді.
Бүкіл әлемдегі психиатрлар когнитив қабілет нашарлайтын ауруларды емдеу мүмкіндіктерін зерттейді. Осыған қатысты никотиннің Альцгеймер синдромы мен алжудың өзге де түрлерінің симптомын қойдырады деген пікір бар. Себебі никотин жадыға, әлдебір дүниені үйренуге және басқа ақыл-ес қабілетіне жауап беретін ацетилхолин рецепторларына ықпал етеді.
АҚШ-та аз көлемде когнитив ауытқуы байқалған 74 пациент зерттеуге қатысады. Мұндай диагноз, негізі, Альцгеймердің келуінен хабар береді. Зерттеу аясында барлық қатысушы екі топқа бөлінеді. Біріне жарты жыл бойы никотин пластырын жабыстырады, екінші топқа дәл сондай, бірақ еш әсері жоқ плацебо беріледі. Пациенттердің өздерін шынымен никотині бар, әлде бос пластырь бұйырғанын білмейтін.
Зерттеу нәтижесін алғашқы топта жады мен назар аудару қабілетінің айтарлықтай артқанын көрсетті.
Алайда Альцгеймер ауруы бар адамдарға никотин бұлай жақсы әсер ете қоймайды. Себебі әлсіз когнитив ауытқумен салыстырғанда, Альцгеймер барысында ацетилхолин рецепторларының басым бөлігі істен шығады.
Деменция – когнитив қабілет төмендейтін жалғыз ментал ауру емес. Биполяр ауытқуы бар, депрессияға және шизофренияға шалдыққан жандарда концентрация, назар және жұмыс жадысы нашар істейді. АҚШ зерттеуі мұндай адамдардың арасында шылым шегу ең көп таралғанын анықтады. Себебі темекі ол үшін таңғы кофе сияқты жұмыс істеуге аса қажет стимулянттың рөлін атқарады.
Мұндай психиатрлық сырқаттар кезінде когнитив қабілетті арттырудың денсаулыққа зиянсыздау басқа жолдарын табу керек. Ең дұрысы – концентрацияны, медитатив техниканы дамытуға арналған жаттығуларды үйреніп алу және никотин мен темекіден біржолата бас тарту. Алайда бәрі бірдей зиян әдетті бір сәтте қойып кете алмайды. Сондықтан сарапшылар зиянды біртіндеп азайтуға кеңес береді. Темекінің ең басты қатері – түтін. Онда 6000-нан астам химиялық байланыс бар, оның 69-ы канцероген. Оған шайырды қосып қойыңыз. Ал электрон шылым мен қыздырылатын темекі сияқты түтінсіз балама құралдар жану процесін толықтай «айналып» өтеді. Ғылым зерттеулерге сәйкес, түтінсіз өнімде зиян заттар 90% аз, себебі ондағы темекі жанбайды, тек қыздырылады.
Стимул беретін кез келген зат сияқты никотиннің психика беретін әсерін бір жақты түсіндіру қиын. Бір жағынан, ол адамның бойында, кей жағдайда түрлі ауру кезінде когнитив қабілеттерді жақсартуы мүмкін. Екінші жағынан, күрделі жағдайда никотин пайдалау біздің стреспен күресудегі өз қабілетімізді әлсіретіп жібереді.
Гарвард зерттеуіне қарап, адамдардың көбіне қайғы-мұңнан құтылу үшін темекі тартатынын көреміз. Мұндай жағымсыз сезім кезінде шылымқор темекі түтінін терең жұтады әрі ұзағырақ ұстайды.
Никотиннің кей оң қасиетінің бар екеніне қарамастан, сарапшылар бір ауыздан шылым шегуден бас тарту керек деген пікірді айтады. Алайда адам үшін мұндай радикал қадамға бару – қиын іс. Темекіні бірден тастап кетудің ақыры көп жағдайда сәтсіздікке ұшырап жатады.
Алайда ағзаға одан келер зиянды азайтудың жолы бар. Жақында Қазнетте ниЖевред порталы пайда болды. Мұнда шылым шегу, алкоголь, дұрыс тамақтанбау секілді зиянды әдеттердің залалын азайту жайлы ақпарат жарияланып тұрады. Барлық ұсыныс ғылыми зерттеулер мен беделді сарапшылардың пікірі негізінде әзірленеді.