Басты бет Жаңалықтар Көк шайды көп ішуге болмайды

Көк шайды көп ішуге болмайды

Америкалық ғалымдардың көк шәйға қатысты жасаған қорытындылары құлақ асуға тұрарлық. Олардың айтуынша, сусынның бұл түрін шектен тыс көп ішу онкологиялық ауру тудыруы мүмкін екен.

Осы ретте жүргізілген тәжірибе барысында көк шәйдің адам ағзасына тигізетін әсері зерттелді. Анықталғандай, оның құрамында адамның генетикалық компонентінің санын арттыратын р53 атты зат болады екен.

«Ал көк шәйді шектен тыс көп ішкен кезде бұл заттың мөлшері артып, соңы онкологиялық дертке шалдығу қаупін тудырады. Сол себепті ғалымдар көк шәйдің барлық қасиеттері толық зерттелмейінше, оны шектен тыс көп ішуді доғару керектігін алға тартты»-, деп жазады informing.ru.

2 пікір

  1. Оттай бермесін американдықтар.Көк шайды көп қолданатын-өзбектер.Осы уақытқа дейін қырылып қалатын уақыты болды ғой…

  2. Ия, дұрыс айтасыз. Өзбектер тек көк шай ішеді ғой. Менің анамның көк шай ішіп жүргеніне 40 жыл болды. Құдай сақтасын.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version