Жамбыл облысында жас жігіт 5 адамға оқ атты

Полицияға Сарысу аудандық орталық ауруханасынан 20, 22, және 24 жастағы бес тұрғынның бытыралы оқтан жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Анықталғандай, жанжал кезінде ер адам жәбірленушілерге оқ атқан. Полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады.

Ол өз кінәсін толық мойындады және қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.