Жамбыл облысының кей жерінде секундына 15-20 метрге баратын, арасында 23 метр жылдамдықтағы жел соғады. Күндіз тау ішінде дауыл соғып, бұршақ жауады.
Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел секундына 15-23 метр жылдамдықпен соғады, оған шаңды дауыл қосылады.
Батыс Қазақстан облысында, күндіз Атырау облысының кей жерінде жел секундына 15-20 метрге дейін соғып, күшейеді. Батыс Қазақстанда бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Павлодар мен Қарағанды облыстарының кей жерінде секундына 15-20 метрге дейін жел тұрып, күшейеді. Солтүстік Қазақстанда дауыл соғады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерге тұман түседі. Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстанның кей жерінде, Қарағанды облысының оңтүсігінде күн қатты ыстық болады.
Қызылорда, Павлодар, Түркістан облысында, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде және Алматы облысының кей ауданында, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі бар.