Темекі шегумен күрестің тамыры орта ғасырда болғанымен, адамдар ғасыр өткеніне қарамастан әлі күнге дейін темекі шегуді жалғастыруда. Қазіргі Қазақстан темекі шегуге тыйым салудың небір шарасын қолданып жатыр. Бірақ Sange орталығының зерттеуінше, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы халық арасында темекі шегушілердің саны шамамен 35,7% болған екен. Сонымен қатар тыйым салу шараларын үйлестіру арқылы зияны аз балама өнімдерді қолдану арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізген елдер де бар. Ұлыбританиядағы Денсаулық сақтау органдары вейпингті темекіден гөрі денсаулыққа 95% қауіпсіз деп санап, темекі шегушілерге түтінсіз баламаларды қолдануға ашық кеңес берген. Осының нәтижесінде Тұманды Альбион темекі шегушілердің санын 14,1% төмендеткен. Тұрғындары барлық жаңа және технологиялық өнімдерді жақсы көретін және Үкіметі қыздырылған темекісі бар инновациялық өнімдерді қолдайтын Жапонияда 3 жыл ішінде темекі шегушілердің саны 30%-ке азайған. Қазақстанда да зияны аз темекінің балама түріне, яғни вейпингті қолдап, нағыз темекіден бас тартқысы келген жақтаушылар бар. Олардың көбі біздің сұрақтарымызға жауап беріп отырған журналист және блогер Татьяна Фоминова ашқан әлеуметтік желілердегі «Қазақстан темекіден бас тартуда» тобына кірген.
— «Қазақстан темекіден бас тартуда» тобын қандай мақсатта құрдыңыз және оның қатысушылары кім?
— 2020 жылдың жазында, пандемия кезінде Қазақстандағы темекі қыздыру жүйелері, яғни вейпинг нағыз темекіге теңестіріле қалды. Бұған міндетті вакцинация немесе донорлық туралы шулы болған мәселелер сияқты денсаулық туралы жаңа Кодекске өзгерістер енгізудің логикалық қисындылығын дәлелдейтін бірде-бір зерттеу келтіріліп, қоғамдық талқылаулар көрсетілген жоқ. Мейрамханаға барғанымда маған сырттағы жазғы алаңшаның өзінде темекіні қыздыру құрылғысын қолдануға болмайтыны айтылды.
Бірақ қыздырылатын темекі мен нағыз темекі бірдей емес. Осындай құрылғы пайда болған соң Қазақстанда мыңдаған адам мені қоса алғанда темекі шегуден бас тартты. Менің ойымша, мемлекет темекі шегушілерді шектеу, жазалау, максимал қолайсыздықтар жасау арқылы жаман әдеттерін қойдыртуға болатын, айтқанға көнбейтін жасөспірімдер деп санайды. Бірақ біз ересек адамдармыз және біз денсаулықтарымызға зиян келтіріп отырғанымызды және оны жүгіру кезіндегі демегуімізден, жөтелгенімізден, тырнақтарымыздағы дақтардан байқап жүрміз. Біз темекіні тастамағымыз келмегеннен емес, қаншалықты бізге жаңа тыйымдарды салынғанымен тастай алмағанымыздан бас тарта алмай жүрміз.
Сонда зерттеулер көрсеткендей, денсаулыққа 90-95% дейін аз зиян келтіретін түтінсіз өнім пайда болады. Мен оны қаламызда пайды болғаннан бері қолдана бастадым. 4 жыл балама құралды пайдаланғаннан кейін денсаулығымының біраз жақсарып қалғанын байқадым. Мысалы, тістерім мен терімнің жағдайы біраз жақсарып (терінің құрғауы мен түсінің қоңырқай болуы азайып), тырнақтардан сары дақтар кете бастады және олардың қабаттануы тоқтады. Бірақ оған да қарамастан, темекіге жебір атағын алдым. Сол кезде мен өзім сияқты денсаулығын сақтап, темекіні қойғысы келетін, бірақ қоя алмаған (әлі күнге дейін қоя алмай жүрген) адамдардың қоғамдастығын ашуды шештім. Қазір «Қазақстан темекіден бас тартуда» қызығушылыққа қарай инновациялық гаджеттер туралы көбірек білуге, жаңа зерттеулермен танысуға және темекі шегуден бас тарту ниетіңізде қолдау алуға болатын клубқа айналды.
— Балама темекіге, демек вейпинке ауысқан қазақстандықтар қандай проблемалармен жиі кездеседі және оларды не толғандырады?
— Қазіргі басты мәселе – бізді темекі шегушілермен бір қатарға қоюы. Енді басқаларға зиян келтірмейтін немесе қолайсыздық туғызбайтын осы вейпингті пайдаланғысы келетін адам нағыз темекі шегушілермен бірге «арнайы бөлмеге» баруы керек. Осындай асығыс жабдықталған, ыстық және темекі түтінінін тарта алмайтын бөлмелерді кафелер мен мейрамханаларда бәріміз көрген боларсыздар. Осылайша нағыз темекіні қойып, өз денсаулығыма зияндығы аз болуы үшін қыздыратын темекіге ауысқанымда маған темекі шегетін орынға барыңыз дейді. Пассив темекі шегуші бола отырып, басқалардың шеккен темекісінің түтініне тұншығуым керек пе? Осындай жаңа әрекеттен кейін менің бірнеше танысым осындай қыздыратын темекіні пайдаланудан мағына таппаған соң кәдімгі темекіге қайта оралды.
Денсаулық туралы жаңа Кодекс қабылданғаннан кейін қоғам темекіні қыздыру жүйелері темекіге қарағанда зиян деп сендіретін және олар туралы ешқандай зерттеулер жоқ деген мақалалар, посттар пайда бола бастады. Стикті ашып, оның ішіндегі пленка пластик дегенді көрсететін бейнероликтер белсенді түрде көрсетіле бастады. Дегенмен зерттеулер өте көп және олар әлі де жүргізіліп жатыр. Тіпті ең қатал АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектер жөніндегі FDA Басқармасы олардың барлығын зерттеп, талдап, АҚШ нарығына «денсаулық сақтауды алға ілгерілету үшін қолайлы» мәртебесімен темекі қыздыру жүйесін пайдалануға рұқсат берді. Ал пластик пленка туралы маған бәрі айтқан еді. Бірақ бұл пластик емес, ол – жүгері крахмалы мен қант қамысынан алынған полилактид, бұл пластикке өте жанама қатысы бар өнім. Иә, түтінсіз өнім мүлдем зиянсыз деп айтпаймын, бірақ оны өте жаман қылып көрсетіп, әсірелеп, жұрттың зәре-құтын алудың не керегі бар? Жұрттар оны емес, кәдімгі темекіні шегу үшін бе?
— Әлеуметтік желілердегі топты «дүр сілкіндіру» қиын ба және тобыңызды одан әрі дамытуға қандай жоспарларыңыз бар?
— Бұл коммерциялық жоба емес және мен топты өз күшіммен басқарып отырмын, қиын болатын да кездері болып жатады. Бірақ үнемі жаңа тақырыптарды іздестіріп жүремін және маған жаңалықтарды немесе зерттеулерді бөлісетін, сұрақтар қойып, посттарын ұсынатын достарым мен жазылушыларым көмектеседі. Кейде адамдар біздің топтың атын көріп, тағы да темекі шегуден бас тарту және денсаулыққа зиян келтірмеу туралы насихаттайтын топ па деп ойлайды. Өйткені оларға жағымсыз пікірлердің көп келетіні соншалық, олар өздерін қоғам таққан кінә есебінен тілді алмай ғана қоймай, ашуланатын жағдайға ұшырайды.
Жоспарымызда Қазақстанда танымал суретшілермен коллаборация жасап, құрылғыны қай жерде пайдаланып, пайдалануға болмайтынын анық түсіну үшін заңгерлермен өзара іс-қимылды бастау, сондай-ақ мүдделері мен мақсаттары ортақ адамдар жиналатын қауымдастықты және офлайн-тусовканы жасау бар. Маған қазір қоғамдастықтың қалай дамып келе жатқаны және ондағы достық атмосферасы ұнайды, сондықтан мен үшін ең бастысы – осы топты болашақта да сақтап қалу болмақ.
– Әлеуметтік белсенділік Батыста бұрыннан таныс болғанымен, бізде таңсық құбылыс. Сіздің ойыңызша, тобыңыздың мүшелерін не біріктіре алады?
— Қатысушыларды өздеріне қатысты әділетсіздік сезімі біріктірді, өйткені олар бір жаман әдетке бола өздерін екінші дәрежелі адам санағысы келмейді. Өмірде бұдан да зор небір сорақы құбылыстар болып жатады. Бірақ темекі шегушілер денсаулық сақтаудың негізгі проблемасына айналды. Бізде алкоголь немесе есірткіге тәуелді адамдар қалыпқа келтірілу процесіне тартылып, наркологтар мен психологтар көмегіне жүгіне алады. Ал темекі шегушілердің тәуелділігі қара бастың мәселесі болып қала береді және оларға қандай да бір себептермен мемлекет тарапынан ешқандай қолдау жоқ. Бұдан басқа, олар денсаулығын сақтау мақсатында темекіден бас тартып, балама нұсқаларға ауысқан кезде оған «Бұл да дұрыс емес, сіз темекіні дұрыс қоймадыңыз, қайтадан бастап көріңіз» дейді.
Темекі шегушілер күн сайын өзіне денсаулығын түзете алмайтындай зиян келтіріп жатқанын түсінеді. Олар темекі шегуге байланысты көптеген проблемадан зардап шегетініне қарамастан оны тастай алмайды. Көптеген адам олардың темекіні қоя алмайтынын түсінгісі де, келіскісі де келмейді, әйтеуір талқылауға дайын тұрады. Тіпті ОАР пандемия кезінде жарты жылға темекі саудасын жапқанда халқы еріксіз түрде тонауға шыққан көрінеді. Денсаулық сақтау саласындағыларға темекіден бас тарту оңай, темекі шегушілер темекіні өздеріне ұнаған соң тастамайды дегенді айтып, жай ғана шектеулер мен тыйымдар салғаннан жағдай жақсы жағына қарай өзгермейді.
Біз денсаулыққа үлкен емес, аз зиян келтіретін баламаны шегуге құқылымыз деп санаймыз. «Қазақстан темекіден бас тартуда» қоғамдастығы адамдарға сырттан келмейтін қолдауды көрсетіп, өз жолын таңдауда сенімділік береді деп үміттенемін.