Басты бетҚоғамБалаларға арналған...

Балаларға арналған Kids go free бағдарламасының талаптары жарияланды

Kazakh Tourism компаниясы Kids go free бағдарламасының әкімшісі және операторы болады. Бұл – балалардың ұшу шығынын субсидиялау тетігі. Бұл бағдарлама топ-10 дестинацияда отбасылық демалысты ұйымдастыру көлемін арттыруға бағытталған. Бағдарлама туристік операторлар арқылы іске асады. Яғни, 2-14 жас аралығындағы баласы бар отбасы қазақстандық курорттарға туристік операторлар арқылы билет сатып алған болса, балалардың билет құны кешіріледі, — деді компания басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Kazakh Tourism басшысы мұндай субсидия 2-3 жолдамаға төленбейтінін ескертті. Сондай-ақ, билет құны тек туристік операторлар арқылы демалысқа барған отбасыларға ұсынылмақ.

Мұндағы жалғыз талап — ұшып келген жерде отбасы 4 түн, 5 күннен кем болмауы керек. Осы арқылы біз Қазақстандағы отбасылық демалысты қолдаймыз. Біздің есебіміз бойынша осының арқасында отбасының жолдама алуға кететін бюджеті 20-30% үнемделеді, — деді Ержан Еркінбаев.