Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілерге арналған көше ашылды

Мұнда жазда демалыс күндері 10.00-22.00 аралығында шығармашылық қойылымдар, түрлі ойын сауықтық бағдарламалар, би жарыстары, спорт шеберлік сыныптары, түрлі тақырып фестивальдері өткізіледі.

Жаяу жүру аумағы кіреберіс аркадан басталады, оған жақын жерде орналасқан сахнада концерттер мен қойылымдар ұйымдастырылады. Көше бойында қала тұрғындары мен қонақтары үшін шатырлары бар сауда-көрме, суретшілер алаңдары, шахмат ойнауға, ұлттық ойындарға («асық ату» және «тоғыз құмалақ») арналған орындар қарастырылған.

Сонымен бірге ерекше инсталляциялар, бар-үстелдер мен арт-нысандардан фото аймақтар орнатылған.

Сонымен қатар, жаз бойы «ORDA FM» радиосы Demalys Promenade-тан тікелей эфир жүргізеді. Көшенің ашылу салтанатында эфирдің алғашқы қонағы қала әкімі А. С. Көлгінов болды.

«Біз елорданы «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары аясында дамытудамыз. Бұл, ең алдымен, қаланың адамдар үшін ыңғайлы болуы. Жыл сайын біз қоғамдық кеңістіктердің санын көбейтудеміз, қала тұрғындары таза ауада уақыт өткізе алатын тартылыс нүктелері көбірек болады. Қазір көптеген адамдар спортпен айналыса бастады. Бұл бізді қуантады.

Бүгін жаяу жүргіншілер көшесі ашылды, жаз бойы демалыс күндері бұл жерде көлік қозғалысына тыйым салынады. «Demalys Promenade» — бұл қала театрларының, шығармашылық ұжымдардың ашық ауада өнер көрсетуінің негізгі бөлігі өтетін тартымдылықтың тағы бір нүктесі. «Demalys Promenade» сондай-ақ, жас әртістерге, жастар субмәдениеттері мен креативті индустрия өкілдеріне іске асыруға мүмкіндік береді.

«Demalys Promenade» «Театральный» жаяу бульвары (Омаров көшесі) мен қаланың жағалауын біріктіреді, мұнда да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жағалауда өзіндік бақылау алаңы, сонымен қатар, әткеншектер мен қызықты архитектуралық формалар пайда болады. Ағымдағы жылы барлығы 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) саламыз және абаттандырамыз.

Өткен жылы 76 гектардан астам аумақ абаттандырылды. Алғаш рет спорт алаңдары, яғни коньки, футбол және баскетбол алаңдары және т.б. бар көпір астындағы орын абаттандырылды. Сондай — ақ, көгалдандыру жұмыстарын белсенді жүргізудеміз, бұл экологияға жағымды әсер етеді», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов жаяу жүргіншілер көшесінің ашылуында.