Заңгер: Жауапкерлер саналы түрде қоғамдық пікірді бұрмалап отыр

Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында егжей-тегжейлі жазып, көпшіліктің алдына ұсынды.

Айжан Тәшенова Жанболат Мамай тарапынан келтірілген куәліктерінің бірде біреуі тағылған айыптауларға дәлелдеме бола алмайтынын мәлімдеді.

Оның сөзіне сенсек, Жанболат Мамайдың ұсынған дәлелдері посттардан, БАҚ пен анонимді телеграм-арналардағы жарияланымдардан, сондай-ақ түсініксіз анықтамалар мен іске мүлдем қатысы жоқ құжаттардан тұратын қойыртпақ. Заң мен заңи тәжірибе тұрғысынан алғанда, бұл – сот үшін ешқандай маңызы жоқ пайдасыз жалған дәлелдемелер.

Сот талқылауы – ең алдымен фактілер екенін тағы да атап өткім келеді. Сот жалаң жорамалдар мен «қияли әңгімелерге» емес, тек солардың негізінде ғана заңға сәйкес ақиқатты анықтайды. Бұл – әлемдік тәжірибе,  құқық үстемдігі дегеніміз де, осы, – деп түсіндіріп өтті Бауыржан Байбектің қорғаушысы.

Адвокаттың жазбасынан заңға сәйкес жауапкерлер жария түрде айыптау кезінде сүйенген құжаттары мен растайтын дәлелдемелерін сотқа ұсынуға тиіс екені белгілі болды. Әйтсе де, Б.Байбек, 2 күн бұрын сотқа Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның жалған айыптауларын жоққа шығаратын барлық қажетті құжат пен фактілерді жолдай отырып, өз құқығын пайдаланыпты.

 

Айжан Тәшенова

Заңгер Айжан Тәшенова жауапкерлердің 16 беттік пікіріне қысқаша тоқталып, олардың «дәлелдеме» деп ұсынғандары мен талапкерлер берген құжаттарды салыстырып 7 тармаққа бөліп көрсетті.

Осы түйіндерден Бауыржан Байбектің қорғаушысы Жанболат Мамай ұсынған дәлелдердің барлығы фейк ақпарат және жалған фактілерден құралғанын алға тартты.

Бұдан алдын Б.Байбек өз сұхбатында мәлімдегендей, олардың «журналистік зерттеу» деп аталатыны толықтай өтірік тұжырымдарға, ашықтан ашық кемсітуге, алдау мен қоғамдық пікірді манипуляциялауға құрылған. Яғни олардың «құжаттамасы» түкке тұрмайды, ал барша өтірік ақпараты ауадан алынған.

Ж.Мамай мен И.Иманбаева осындай тұйыққа тіреліп отырған жағдайда не істемек? Көріп отырғанымыздай, процесс барысында Ж.Мамай мен И.Иманбаева және олардың үш адвокаты өздерінің айыптаулары көпе-көрнеу жала мен арсыз алдауға құрылғанын біле тұра, ерте бастан «өздерінің жеңілгенін мойындады».

Әйтсе де, лас тәсілдер мен технологияларды пайдалана отырып, жауапкерлер саналы түрде қоғамдық пікірді бұрмалай отырып, талап қоюшыны қаралайтын өтірік ақпаратты таратуын жалғастыруда. Ал процесс барысында сотты «сөзбұйдаға салып», арзан қойылымға айналдырып, талап арыз мәніне жатпайтын басқа тақырыптарды қозғап кетуде, – деп қорытындылады адвокат.

Талап қоюшы өздерінің дұрыстығына әуел бастан-ақ сенімді болғанын атап өтті. Өздерінің позициясын растау мақсатында барлық дәлел мен құжаттарды баршаның танысуы үшін жариялағанын жеткізді. Ал жауапкерлер тарапын өздерінің «дәлелдемелер» деп аталатынын ашық ұсынудан толықтай қашқақтап жүргенін ашық айтты.