Ресейлік журналист Қасым-Жомарт Тоқаев туралы авторлық хабарын ұсынды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Берік Уәлидің жазуынша, автор «Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева» деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді.