Басты бет Жаңалықтар Қазақстандағы ең көп жалақы алатын мамандықтар

Қазақстандағы ең көп жалақы алатын мамандықтар

Ғылыми қызметкерлер, құрастырушылар мен сарапшылардың орташа жалақысы 2015 жылмен салыстырғанда үш есеге көбейіп, 326,7 мың теңгеге жеткен, – деп хабарлайды kaztengrinews.kz energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Фото: Тengrinews.kz

Мамандардың айтуынша, тау-кен өндірісінің жұмысшылары мен кен шығаратын орындарда жұмыс істейтіндердің орташа жалақысы 313,2 мың теңгеге жетіп, жоғары жалақы алатындардың рейтингінде екінші болып тұр. Сондай-ақ, бір жыл ішінде тау-кен өндірісіндегілердің жалақысы 16,2 пайызға өскен.

Рейтингте үшінші болып қаржыгерлер тұр. Олардың орташа жалақысы – 254,9 мың теңге. Қаржыгерлер өткен жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға көп табыс тапқан.

Қазақстан жалақы

Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, орташа жалақысы төмен мамандықтардың қатарында мұғалімдер бар, олардың орташа жалақысы – 87,5 мың теңге екен. Айта кетейік,бір жыл ішінде білім беру саласындағы қызметкерлердің саны 0,7 пайызға азайған.

3 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version