1 маусымнан 31 тамызға дейін Coca-Cola Classic, Coca-Cola Zero, Coca-Cola Zero Лимон-Лайм, Fanta Апельсин және Sprite сусындарының әрбір сатып алушысы алтын қақпағы бар жарты литрлік бөтелкелерде керемет  сыйлықтар алуға мүмкіндік алады- аталған сусындардың әр қақпағының астында кепілдендірілген сыйлық болады.

Қазақстанда алғаш рет Қазақс0тандағы Coca-Cola – ның ұзақ мерзімді стратегиялық серіктесі болған Яндекс және екі жаңа серіктес – Kaspi.kz пен «õzen» жас музыканттардың шығармашылық бірлестігі серіктестерінің қатысуымен осындай ауқымды жазғы промо — акция өткізіледі.

Осы жазда біз қазақстандықтарды қолдап, қуантуды, көңіл-күйімізді көтеруді, осындай қиын уақытта барлық адамдар үшін жағымды эмоциялар қосуды шештік. Алғаш рет Coca-Cola және біздің серіктестер көптеген түрлі сыйлықтарды дайындады. Kaspi.kz бірге біз Kaspi Бонустар түрінде 230 миллион теңге таратамыз. Айтпақшы, Coca-Cola Қазақстандағы жетекші цифрлық компаниялардың бірі – Kaspi.kz ынтымақтастық туралы осындай келісім жасаған жаппай сұранысқа ие тауарларды өндірушілер арасында алғашқы компания болды. Жүлделер арасында 3, 6 және 12 айға Яндекс Плюс-ке жазылымдар да бар. Ал «õzen» жас музыканттардың шығармашылық бірлестігі қазақстандық жас орындаушылардың 14 композициясы бар Coca-Cola x õzen эксклюзивті альбомын жазып, отандық музыканы бағалаушылар үшін тосын сый жасады. Осылайша біз танымалдылыққа ие болған жас отандық орындаушыларға қолдау көрсетуді шештік,-дейді Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының Корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман.

Бірінші рет шырқалатын композициялары бар «Coca-Cola x õzen» эксклюзивті альбомы Яндекс Плюс-тың барлық қолданыстағы жазылушылары үшін Яндекс.Музыка-да қолжетімді болады. Орындаушылардың арасында abdr., dudeontheguitar, The Limba, Aro, The OM, Darkhan Jazz, Mona Songz сияқты есімдер бар.

Coca-Cola жазғы промо-акциясымен бір мезгілде Қазақстанда Coke Extra Zone ниеттестік платформасын іске қосады, онда шөлмектің затбелгісіндегі QR-кодтың көмегімен тіркеле отырып, дәл сізге қандай жүлде түскенін білуге болады. Жазғы акция аяқталғаннан кейін Extra Zone платформасы Coca-Cola сусындарының барлық әуесқойлары үшін акциялар, жаңалықтар және жеңілдіктер аймағы болып қала береді.

Акцияға қатысу үшін тек төрт қадам жасау қажет:

  1. Компанияның сусынын сатып алу – көлемі 0,5 л алтын түстес промо-қақпағы бар Coca-Cola Classic, Coca-Cola Zero Sugar, Соса-Cola Zero Sugar Лимон-Лайм, Fanta Апельсин немесе Sprite;
  2. Заттаңбада QR-кодты сканерлеу және сілтеме бойынша Coke Extra Zone сайтында тіркелу;
  3. Сіз қандай жүлдені жеңіп алғаныңызды білу үшін сусынның қақпағының ішінен ерекше кодты арнайы өріске енгізіңіз.
  4. Coca-Cola, õzen, Яндекс және Kaspi.kz бірге музыка мен бонустардан ләззат алыңыз!