Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында қаулы етті:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:
- БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
- мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
- әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
- бірлесу бостандығына құқық;
- пікір білдіру бостандығына құқық;
- адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
- адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;
Сонымен бірге Үкіметке жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Президент әкімшілігіне іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсыну тапсырылды.
Осы жарлықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.