«Amanat СҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Анна Некрюкованың айтуынша, 2021 жылдың мамыр айында сақтандырылған самокат сапарының саны күн сайын өсіп отырған.
«Бір айдың ішінде сақтандырылған сапар саны күн сайын 5%-ға артып отырды. Жалпы алғанда, мамырда күніне біз орта есеппен 4500-ден астам сапарды сақтандырдық», — деп хабарлады компания өкілі.
Қаржы ұйымының айтуынша, мұндай сақтандыру полисі ерікті түрді рәсімделеді және екі секциядан тұрады екен: «Бірінші секция – үшінші тарап алдындағы жауапкершілікті сақтандыру. Самокатпен сапар кезінде біздің клиент басқа адамның мүлігіне зиян келтірсе, мысалы, көлігін сырып кетсе, біз зардап шеккен тарапқа 150 мың теңгеге дейін өтемақы төлейміз. Екіншісі – клиенттің өзін жазатайым оқиғадан сақтандыру. Мұнда өтемақы сомасы 850 мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Клиент еңбекке жарамдылығынан толықтай немесе жарым-жартылай айрылса, төлем беріледі. Екі секцияны қосқанда, полис бойынша жалпы сақтандыру лимиті 1 млн теңгені құрайды», — дейді Анна Некрюкова.
Топ-менеджер сақтандыру жағдайы болса, 7310 нөмірі бойынша компанияның байланыс орталығына хабарласу керек екенін еске салды. Мұнда Amanat мамандары кеңес беріп, өтемақы алуға көмектеседі.
«Қазақстандағы самокат санының жылдам артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл – өте ыңғайлы көлік. Самокатты қала өміріне оңай бейімдеуге болады. Алайда самокаттың таралуымен қатар онымен байланысты жайсыз оқиғалардың да көбейгенін байқаймыз. Сондықтан бұл көлікті таңдаған жандардың жол қозғалысы ережелерін сақтауы, бұдан бөлек сапарын сақтандырғаны өте маңызды. Осы ретте тек өмір мен денсаулықты ғана емес, басқалардың алдындағы жауапкершілікті де сақтандыру қажет екенін еске салғым келеді. Бұл аяқасты келген шығынды сақтандыру компаниясы төлеген өтемақымен жабуға, яғни өз қаражатыңызды сақтап қалуға көмектеседі», — деп атап өтті басқарма төрағасының орынбасары.
Анна Некрюкова қауіпсіздік ережелеріне баса мән беруге, тиісті киім-жабдықты, жарық шағылыстыратын элементтер мен дыбыс белгілерін қамтамасыз етуге жеке тоқталды: «Өз денсаулығыңызды да, басқалардың қауіпсіздігін де ойлау қажет. Сізді өзгелер көрмей тұрса, дауыстап немесе дыбыспен белгі беріп ескертіңіз, жолдағы адамдардың алдынан күтпеген жерден шыға келуден қашыңыз».