Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Биылғы жылы балалар лагерьлерінің қызметіне рұқсат етілген, бірақ әлеуметтік-экономикалық нысандардың «жасыл» аймақтағы жұмыс критерийлеріне сәйкес жазғы лагерьлер шектеусіз, «сары» аймақтағы лагерьлерде 50% толғанда және «қызыл» лагерьлерде 30% толғанда жұмыс істейді.
Алгоритм жұмыс басталғанға дейін 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын жұмысқа жіберуді көздейді, — деп хабарлады ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының бас сарапшысы Индира Басманова.
Оның сөзінше, әрбір балаға келу кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттар (сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған 079/у нысаны медициналық анықтама), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар, келуден 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19 зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжат болуға тиіс.
Сондай-ақ, барлық сауықтыру ұйымдары денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №146 бұйрығымен бекітілген «Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс екенін айтты.
Барлық балаларды сауықтыру ұйымы (жыл бойы жұмыс істейтін ұйымдарды қоспағанда) сауықтыру маусымы басталғанға дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті.
Жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдары объектіні пайдалану басталғанға дейін бір рет санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
СЭБК деректері бойынша, 2021 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша жалпы республикада 12 балалар сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды. Оның ішінде өңірлер бөлінісінде: Алматы, Павлодар, Түркістан облыстары — 1, Ақтөбе — 2, Қызылорда-7.
Сарапшы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жанында 8 (7172) 74-18-64 телефоны бойынша «Жедел телефон желісі» жұмыс істейтінін, онда балаларға арналған жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда хабарласуға болатынын атап өтті.