Басты бетЖаңалықтарСемей әскери...

Семей әскери госпиталі басшысы ұсталды

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

2021 жылы 29 мамырда құқық қорғау органдары Семей қаласының әскери госпиталі бастығы медицина қызметінің подполковнигі Дулат Құрметовті ұстады, — деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Өзге ақпарат тергеу мүддесін үшін жарияланбайды.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі офицері Асылбек Сатыбалдиновтің ұсталғаны хабарланған еді.