Эфир барысында еңбектің қалай және қанша уақыт жазылғаны, қордың алдағы жоспары мен Біләл Малдыбайұлына қатысты бірқатар мәселелер тілге тиек етілді.
Біләл Малдыбайұлы Қызылжардағы «Талап» қазақ ұлттық комитетінің мүшесі, тіпті төрағасы болған. Орыс докторларының «Құрт ауыруы», «Денсаулық негізі тазалық», «Безгек», «Жегі ауырулар» атты кітаптарын тәржімалаған. Гомердің «Иллиада», «Одиссея» атты шығармаларын аударған деген мағлұмат бар.
Қайраткер «Халық жауы» деп репрессияға ұшырағанда оның жары Қалима Сұлтанбек, Шәулетбек, Сейітбек, Қорғанбек есімді балаларын алып, Шымкентке көшіп кеткен екен.
Айта кетейік, 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер болды.
Тәуелсіздік жылдары 146,5 мың кінәсіз айып тағылған қазақстандықтың аты жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам қуғын-сүргінге ұшыраған азамат ақталды.
Эфир барысында осы тақырыптардың төңірегі талқыланып, екі жақ бір-біріне сәттілік тілесті.