Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Әрине, жылы дәретханаларға қатысты көп мәселе болды, әлі де қалып отыр. Президент тапсырмасы бар екендігін білесіздер. Осыдан 1 жыл бұрын ғана елімізде далада орналасқан 1 700 дәретхана болған еді. Бір жылдың ішінде 1 600 жылы дәретхана салынды. Жергілікті атқарушы органдар үлкен жұмыс жүргізді, — деді Асхат Аймағамбетов.
Ведомство басшысы сонымен бірге әлі де болса 100 мектептің дәретханасына қатысты проблема қалып отырғандығын айтты.
Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз таяу уақытта, ары кеткенде 1 қыркүйекте бұл тапсырман толық шешу тапсырмасын шештік. Таяуда ғана бұл мәселені Үкімет жанында жұмыс істейтін Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қарадық, — деді министр.