Бұл туралы Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қанат Қарабалаев айтты.
Назарбаев университетінің баспасөз қызметі де ақпаратты растады.
21 мамырда Назарбаев Университетінің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шықты. Балалар оралмады. Бүгінде олардың қайда екені белгісіз. Қолдау көрсету үшін Назарбаев университеті студенттердің отбасы, ТЖМ құтқарушылары және жұмылған мемлекеттік органдар, сондай-ақ олардың сыныптастарымен байланыста отыр, — деді баспасөз қызметі өкілдері.
Жоғалған студенттердің таныстары іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін Шымкент қаласынан еріктілерді іздейді.
Іздестіру жұмыстары үшін еріктілер қажет. Егер Шымкентте тұратындар және көмектесуге дайын болса, 87074426076 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймын, — деді жоғалған студенттердің танысы.
Сондай-ақ, ол студенттердің есімін жариялады:
- Әлімжан Хайруллин Ақтөбеден;
- Бағдат Төлеу Ақтөбеден;
- Нұрдәулет Наурызбай Атыраудан;
- Диас Төлегенов Оралдан;
- Саят Өскенов Жезқазғаннан;
- Абылай Тоқтасын Кентаудан;
- Қуаныш Тоқтасын Кентаудан.
Бұған дейін «Ақ Жайық» газеті жоғалып кеткен студенттердің бірі — 22 жастағы Нұрдәулет Наурызбай туралы жазған еді. Газет мәліметі бойынша, үшінші курсты аяқтағаннан кейін студент Нұр-Сұлтаннан Атырауға үйіне келген, ал 19 мамырда сыныптастарымен бірге Шымкентке, кейін Түркістан облысы тауларына төрт күнге саяхатқа шығуға кеткен. Ол 24 мамырда оралуды жоспарлаған.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жоғалған 7 адамды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланған еді. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек болған.