Басты бет Жаңалықтар Жол полициясы 2017 жылдан бастап таяғынан айырылады

Жол полициясы 2017 жылдан бастап таяғынан айырылады

2017 жылдан бастап жол полициясы көлік тоқтату үшін таяқша қолданбайды.

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибемен танысып, зерттеді. Қазіргі уақытта, бірқатар еуропалық елде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқша (жезл) қолданбайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады, деп хабарлады ҚР ІІМ.

ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, енді жол полицейлері көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «тоқта» деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрульмен де тоқтатады. Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version